Қазақ география қоғамының альпинистері орталық Тянь-Шаньға экспедициясының үшінші кезеңін бастады

None
АЛМАТЫ. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақ география қоғамының альпинистері қарлы боранға қарамастан, өткен аптада  Орталық Тянь-Шаньдағы экпедициясы кезінде 5А дәрежесіндегі 2 бағыттан өтті.

Ол  Қырғызстанның  Ала-Арча таулы  ауданындағы 4507 метрлік Байчечекей шыңы. Команда капитаны Леонид Крупаның айтуынша, енді оларға бағынбаған тек 4860 метрлік Корона шыңы ғана болып тұр. Қолайсыз ауа-райы мен қар көшкіні қаупіне байланысты оған көтерілу кейінге шегерілген.  Екікүндік демалыстан кейін бүгін олар бірнеше түнемемен 5Б дәрежесіндегі Бокс шыңына көтерілу жоспарын жүзеге асыра бастады. Бұл экспедицияның 3-кезеңі саналады. Қазақ география қоғамы экспедиция кезінде аймақтағы климаттың өзгеруін Алматы маңымен салыстыру үшін қар, мұз суы және өсімдіктер үлгісін жинауды мақсат тұтып отыр. Бұл жобаға «БТА сақтандыру» компаниясы қолдау көрсетуде.