Қазақ гуманитарлық заң университетінде ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасымен кездесу өтті

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақ гуманитарлық заң университетінде оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Роговпен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Конституциялық Кеңестің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудағы Негізгі Заңның рөлі, конституциялық реформаларға сәйкес демократиялық мемлекет ретінде Қазақстандағы одан әрі қайта құрулар, Конституциялық Кеңестің қызметі мәселелері талқыланды. Бұдан басқа Конституциялық Кеңестің төрағасы «Қазақстан Республикасында қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» туралы Елбасы Жарлығына түсініктеме берді, Қазақстандағы қылмыстық саясатты дамытуға қатысты өз пікірлерін ортаға салды.