деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шара жемқорлыққа байланысты жағымсыз әрекеттерді жоюға бағытталған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен жүзеге асып жатқан мемлекеттік- әлеуметтік жобаның құны 4,5 миллион теңгені құрайды.
«Бұл жобаның шеңберінде біз республиканың Семей, Тараз, Қарағанды және Орал қалаларында конференциялар ұйымдастырдық. Ал бүгінгі 5-ші шара «Жемқорлықпен күрес: құқықтық сипат, тәжірибе, халықтың қатысуы» тақырыбында өтіп жатыр. Конференция барысында еліміздің белсенді жастары жемқорлықпен күрес тақырыбында баяндама жасауда. Олардың ішіндегі үздіктерін іріктеп, ұсыныстар жинағын шығарамыз. Жинақ мемлекеттік органдарға таратылатын болады», деді Мемлекеттік қызмет мектебінің маманы Айнұр Кенжеболатова.