Қазақ гуманитарлық-заң университетінің бас корпусының ашылғанына 4 жыл толуына арналған шаралар өтеді
23:24, 05 Қазан 2012
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - 6 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен ашылған Астанадағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің бас оқу корпусының төрт жылдығына арналған салтанатты шаралар өтеді.
Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
Шара аясында аясында: «Қасиетті билер елі» және «Ел орда - жастар мен білім қаласы» кең көлемді панноларының бірінші ресми экспозициясы; С. Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясының ресми тұсаукесері және атаулы аудиторияның мерекелі ашылуы өткізіледі.