09:07, 27 Сәуір 2009
Қазақ Гуманитарлық заң университетінің ғимаратында өрт болды
АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат – Астанада Қазақ Гуманитарлық заң университеті ғимаратының кітап сақтау қорынан шыққан өрт сөндірілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.Бүгін таңғы сағат 4-терде университет ғимаратының төменгі қабатында орналасқан кітап сақтау қорында өрт болып, 8 шаршы метрдей аумақты өрт шалды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен жарты сағаттың ішінде сөндірілді.