Қазақ халқының сынынан өткен опера әншісіне шетелде өнер көрсету қиын емес - Әйгерім Алтынбек

Фото: Фото: mustafinmag.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақ халқы – өте сыншыл халық, оның алдынан өткен өнерпаз әлемнің кез келген елінде еркін өнер көрсете алады. Бұл туралы Kazinform агенттігіне берген сұхбатында жас опера әншісі Әйгерім Алтынбек айтты.

— Біздің халық өте сауатты. Қазақстанда керемет жас опера әншілері өсіп келе жатыр. Ал біздің халықтың сынағынан өткен опера әншілері әлемнің кез келген өнер көрсете алады, - деді Айгерім Алтынбек. 

Фото: Видеодан алынған скрин

Сондай-ақ ол өзі ел аралап өнер көрсетіп жүргенде байқаған бір ерекшелікті атап өтті. 

— Қазақ халқы — өте сыншыл халық. Мен Қазақконцертте жұмыс істеп жүргенде ауылдарды аралап өнер көрсеттік. Сол кезде менің осыған көзім жетті. Біздің халық өнерге өте үлкен баға береді. Біз сондай сынақтардан өткеннен кейін шетелдерде өнер көрсету аздап жеңіл болды, - дейді жас әнші. 

Айта кетейік, Айгерім Алтынбек бүгінгі таңда Итальяның Парма қаласындағы Арриго Бойто атындағы консерваторияның 2-курс студенті.

Сонымен қатар қазіргі кезде түрлі әлемдік байқауларға қатысып, үздіктер қатарынан көрініп жүрген, болашағынан зор үміт күттіретін жас талант.

Бұған дейін опера әншісі Әйгерім Алтынбек бір адамды кумирім деп айта алмайтынын жеткізді.