Бұл туралы ол бүгін «Этникалық төзімділік пен этникалық стереотиптер» атты дөңгелек үстел отырысында айтты.
Ғалымның пікірінше, Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылында біршама қиындықтарды бастан өткеріп, қазір оларды бір сараптап шығатын кез келді. «Арғыға бармай қазақ хандығынан бастайық. Жәнібек пен Керей қазақ хандығын құрған уақытта санымыз қанша еді, қазір қанша? Осы жетістіктердің барлығы елдің бірлігі мен ұйысқандығының арқасы. Жалпы қазақ деген сөздің тегі еркін, демократиялы, азат деген сияқты сөздердің барлығына жауап береді. Осыны біз азаматтарымызға терең түсіндіре білуіміз керек»,-дейді Д.Қамзабекұлы.