«Қазiр қоғам арасында Қазақ хандығы туралы хикая жайында қызу талқылануда. Бұл түсiнiкте де, себебi мұндай ауқымдағы тележоба алғаш рет қолға алынуда. Бiз неге оны 20 сериалдан 10 сериалға дейiн қысқарттық?! Өйткенi қазiр бiз Қазақ хандығы кезеңiн ғана түсiрмекпiз. Ол шамамен 10-12 сериал ғана. Онда Жәнiбек пен Керей хандығынан Кенесары ханға дейiнгi кезеңдi қамтиды. Алдында бiз мемлекеттiң қалыптасуынан бүгiнгi уақытқа дейiнгi кезеңдi қамтығымыз келген», - дейдi ол.
Оның айтуынша, бас режиссер мен сценаристер қазақстандықтар.
«Шетелдiк мамандарды бiз көмекшi-кеңесшi ретiнде шақыртамыз. Сценарийдi танымал жазушылар Смағұл Елубай мен Тимур Жақсылықов жазуда. Режиссер ретiнде Рүстем Әбдiрашев қарастырылуда. Ақан Сатаев та аталмыш жобаға атсалысуы ықтимал», - деп атап өттi министр.
А. Мұхамедиұлының сөзiне қарағанда, актерлiк құрам да отандық актерлерден құралмақ.