ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ: Тарихи-танымдық экспедиция Жамбыл облысының аудандарына аттанды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу ауқымында жамбылдықтар өңірдің тарихымен және мәдени жетістіктерімен таныстырылады.

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Дүйсенәлі Бықыбаевтың айтуынша, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының қолдауымен экспедиция «Қазақ хандығы ту тіккен жер» тарихи-мәдекни жобасы ретінде ұйымдастырылды.

«Тарихи-танымдық экспедиция Жамбыл облысының барлық 10 ауданының елді мекендерімен жүріп өтеді. Экспедиция қатысушыларының міндеті - отандық тарихты, ұлттық мәдениетті, халық өнерін, халықтың ауыз әдебиетін насихаттау болмақ. Әр ауданның қайтананбас өз ерекшеліктері мен көрнекті жерлері бар», - деп атап өтті ол.

Экспедиция қатысушыларының арасында белгілі жамбылдық драматург және театртанушы Әлібек Әмзеұлы, облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Бекежанов, тарихшылар, өлкетанушылар, этнографтар, сондай-ақ тараздық джип-клубтың байкерлері бар.

Экспедиция бағдарламасында - аудандық тарихи-өлкетану мұражайларында болу, аудандар жұртшылығымен кездесу, «дөңгелек үстел» отырысын өткізу, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспонаттарынан «Тараз - ғасырлар куәсі» көрмесін өткізу көзделуде.

Жамбыл облысы Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге белсенді әзірленуде. Ауқымды құрылыс жұмыстарымен қатар, мәдени-көпшілік шараларының бағдарламасы әзірленуде.