«Көшпендiлер ұғымында тiршiлiктiң бастауын, өмiрдiң жалғасын сабақтастырушы ретiнде әйелдер қауымы ерекше құрмет тұтылған. Бiз ұлт танымына, ұлт парасатына, ұлт пәлсапасына өзгенiң емес, өз көзiмiзбен қарайтын кезеңде көтерiлдiк. Сондықтан жаугершiлiк замандарда кiрменi өзекке теппеген, кеңестiк кезеңде қуғын-сүргiнге ұшырап, қазақ жерiне айдалып келген ұлттар мен ұлыстарды бауырына басқан. Сол арқылы өзiнiң ерекше өмiр сүру салты мен ұлттық дәстүрi мен толеранттылықтың үлгiсiн көрсеткен халқымыздың тамаша қасиеттерiн танып, ұлт тарихындағы ұлы аналардың ұлағатын жас ұрпақтың санасына сiңiру бiз үшiн көкейкестi мәселе. Осы ұлт дәстүрi деп аталатын генетикалық кодымыздың бастауы да, жалғастырушысы да әйел аналар екенi ақиқат», - деп атап өтті Г.Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшы 2015 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың терең саяси шешiмi арқасында бүкiл ел болып атап өтiп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойы айтулы датасы халықтың ұлттық-тарихи санасын тереңдетуге және қазақстандық патриотизмдi күшейтуге кең жол ашып бергенін қадап айтты.
«Қазақ қызын қадiрлеген, анасын ардақтаған халық. Елбасы «Әйел - ошақтың ұйытқысы, алтын бесiктiң иесi, ел болашағының барлығы әйел азаматшаның қолынан өтедi» деген сөзi әрқашан баршамыз үшiн үлкен тағылым. Бұл бiз межелеп отырған Мәңгiлiк ел мұраттарының айырықша бiр бастауларының бiрi болып саналады», - деді ол.
Айта кетейік, аталған республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияны ҚР Президентi жанындағы әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымдастырды.
Конференцияға қатысушы ғалымдар Айғашым ханша, Бопай ханым мен Бай Ананың, Тойқара ханымның және қазақ халқының өзге де белгілі өкілдерінің есімдері жайында баяндамалар жасады.