Мерейтойлық негiзгi шараларды Елбасының қатысуымен 2015 жылғы қыркүйекте Астана және Тараз қалаларында өткiзу жоспарланып отырғанын жеткізген ол, «Тараз қаласында мәдени- спорттық және бұқаралық iс-шаралар, салтанатты жиналыс, мерекелiк концерт, ғылыми-тәжiрибелiк конференциялар өтедi, сондай-ақ осындай шаралар Астана қаласында да өткізіледі. Бүгiнде осы iс-шараларды өткiзу үшiн жан-жақты дайындық жұмыстары жүргiзiлуде», - деді.
Қазақ хандығына 550 жыл монументiнiң үздiк жобасына республикалық байқау жарияланып, оның ішінен үздiк жоба таңдалғанына тоқталған жауапты хатшы, «Қазiргi уақытта монумент орнатылатын жерде құрылыс жұмыстары жүргiзiлуде», - деді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған монумент Тараз қаласында орнатылады.
Қуатжан Уәлиевтің сөзіне қарағанда, республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткiш болып табылатын көне Тараз қалашығында археологиялық зерттеулер, реставрация және консервация жұмыстарын жүргiзу басталды.
«Мұнымен қоса, Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойына арналған iс-шараларды қаржыландыруға демеушiлердi жұмылдыру жұмысы бойынша Мәдениет және спорт министрлiгi, Жамбыл облысының әкiмдiгi және басқа мемлекеттiк органдар тиісті жұмыстар жүргiзуде. Осы бағытта демеушiлермен жұмыстарды үйлестiру және тиiмдi жүргiзу мақсатында арнайы «Мәңгiлiк ел» қоғамдық қоры құрылды. Қоғамдық қордың қызметiн Мырзатай Жолдасбеков, Анатолий Башмаков, Серiк Сәпиев, Айман Мұсаходжаева сияқты көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерi, танымал спорт және өнер қайраткерлерiнен құралған құрылтайшы кеңес бақылауда»,- деді жауапты хатшы.
Бұл тұрғыда ол демеушілік компаниялар мерейтой шараларына қатысып жатқандығын жеткізді.