ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫ: Тараз халқы қонақтарды мерекелік концерттермен және дастарханмен қарсы алды (ФОТО)
Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға байланысты шараларға көп дайындық жүргізілді. Арасында «Көне Тараз» сияқты археологиялық саябақ болған жаңа нысандарды жанадан салу, облыстық драма театрын, қалалық ипподром және көптеген басқа нысандарды жөндеу, қаланың көшелері, саябақтарын абаттандыру, көлемді мәдени бағдарламаны құру керек болды.
Облыстық әкімдіктің мәліметтерінше, мерейтойға дайындыққа республикалық бюджеттен 2,95 млрд. теңге бөлінген. Абаттандыру жұмыстарына Қазақстанның барлық аудандары қатысып, нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 455 млн. жуық теңге салынды. Жамбылдық бюджеттен салынып жатқан нысандарды құруға, жарықтандыру және көліктік артерияларға 630 млн. теңге және мәдени бағдарламаны жасауға 70 млн. жуық теңге бөлінген.
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мерейтойлық шараларды минималдық шығындармен, бірақ сапалы өткізудің нақты міндетін қойғанын атап өтті. «Біз аталған тапсырманы орындау үшін, мерекенің халық жадында сақталып, Жамбыл облысының дамуын жаңа деңгейге көтеруіне көп күш салдық»,- деп атап өтті К.Көкірекбаев.
Екі мың жылдық тарихы бар қалаға мыңдаған қонақ, Қазақстанның түкпір-түкпірінен, қиыр және таяу шетелден бірнеше жүздеген әртіс келді.
Қала тұрғындары үшін облыс орталығының барлық концерттік алаңдарында, «Достық» Орталық алаңында, стандиондар мен саябақтарда көркем әрі түрлі мәдени бағдарлама дайындалды. Екі күн бойы көрермендер театрландырылған көріністерді, өнерпаз және атақты әртістердің өнерін, сондай-ақ қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен болған гала-концертті тамашалай алды. Әрбір аймақ концерттік бағдарламадан басқа Қазақстан тарихы және өз аймағына арналған видео таныстырылымын ұсынды.
Мерейтойдың негізгі салтанатты шараларының бірі - Тараздың батысындағы кіреберісте «Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты 30 метрлік ескерткіштің ашылуы болды. Оның құрылысына мемлекеттік қазынадан 501 млн. теңге жұмсалған.
Тараздың орталығында киіз үй қалашығы, аттракциондар мен халықтық-қолданбалы шығармашылық заттары қойылған көрме ашылды. Киіз үйлерде қонақтар үшін үлкен дастархан жайылды.
Салтанаттар күні Таразда көне қалашықтың археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп отырған бұрынғы Орталық базардың орнында құны 1,23 млрд. теңгені құраған «Көне Тараз» археологиялық паркі ашылды. Оның құрамына мұражай, Достық үйі бар этномәдени орталық, конгресс-холл кірді.
«Көне Тараз» паркі облыстың халықаралық туристік брендіне айналатыны күтілуде. Жобаның аяқталуы 2017 жылға жоспарланған. Бұл нысан «ЭКСПО-2017» Дүниежүзілік көрмесінің қонақтары келетін қалалардың қатарына қосылған.
«Тараз-Арена» спорт сарайында ҚР Президентінің жүлдесі ойнатылған қазақ күресінен «Еуразия Барысы» халықаралық жарысы болып өтті. «Мәңгілік Ел» республикалық ақындар айтысы ауызекі өнердің үздік шеберлерін жинады. «Атшабар» ипподромында Жамбыл облысында да, Қазақстанда да ат полосы бойынша бірінші клубтың ашылуы өтті.
Тараздағы Тұңғыш Президент саябағында «Қазақ әлемі» атты бірегей тарихи-этнографиялық шаралар болып өтті.
Мерейтой аясында Таразда ҚХР-дың Сиань қаласынан Ұлы Жібек жолының бағдарымен бір жылға жуық жүрген шай керуені экспедициясы ұйымдастырылған.
«Шынымен де есте қаларлықтай шараларболды. Біздің қаламыз бұған дейін ешқашан осыншама көркем болып, сәнді безендірілмеген. Оны тек Тараздың тұрғындары емес, бұрын қаламызда болған қонақтар да сезді. Олардың барлығы Тараздың мерекеге қарсы айтарлықтай түрленіп қалғанын айтты. Қала билігі барлығын тәртіпке салып, көп күш жұмылдырған. Нысандарды салып, оларды Таразға тарту еткен барлық облыстарға рахмет. Мерекелік атмосфераны жасауға жанын салған әртістерге рахмет. Қаламызда қандай тамаша археологиялық мұражай-парк пайда болғанын айтсаңшы! Енді біз туристерді күтіп жүрміз, оларға көрсететініміз, апаратын жеріміз бар», - дейді қаланың көне тұрғыны, жазушы, драматург Елен Әлімжан.