Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұл бастамасын Ғұламалар кеңесінің мүшелері бірауыздан қолдады. Ғылыми кітапқа орта ғасырлық кезеңдегі, қарахандықтар, Алтын Орда - Қыпшақ дәуіріндегі, Қазақ хандығы тұсындағы діни еңбектер, дастандар мен рухани шығармалар енеді.
«Ислам хрестоматиясын шығарудағы мақсатымыз - өткеннен сабақ алу, жастарды имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, бірлікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу», - деді ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы.
Кеңес отырысында Ислам хрестоматиясын қасиетті Рамазан айында шығару жоспарланды.