Қазақ кілемдері әлемдік сауда желісінде сатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Енді Қазақстанда тоқылған кі­лем­дер әлемдегі ең ірі сауда желі­ле­рінің бірі - IKEA арқылы сатылатын болады. Тіпті, сол үшін арнайы кілем үлгілері де дайындалды. Эксклюзивті ондай төсеніштер тек аталған желіде ғана саудаға шығарылмақ, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

«KAZNEX INVEST» АҚ өкілі Әйгерім Жүсіпованың айтуынша, IKEA-ға отандық кілемдерді «Бал Текстиль» ЖШС жеткізіп тұра­ды. Ол кі­лемдердің дизайны, түгінің қа­­­лыңдығы мен ұзындығы әлем­дік на­рыққа арналып, ерекше дайын­далған.

«Биыл да аталған серіктестіктің өнімдерін насихаттау жұмыстарын жалғастырамыз. Атап айтқанда, Оң­түстік Корея, Латвия, Тәжікстан сын­­ды елдерде Қазақстанда тоқыл­ған кі­лемдердің таныстырылымдары өте­ді», - дейді «KAZNEX INVEST» өкілі.

«Бал Текстиль» компаниясының коммерциялық директоры Қуан Ыс­қақовтың сөзіне қарағанда, кәсіп­орын жылына бес миллион шаршы метр кілем тоқиды. Ал, жылдық саты­лымның 30 пайызын Ресей, Украина, Қырғызстан, Армения және Беларусь елдеріне жіберілетін экспорт құрайды. Биыл IKEA-ның Ресей нарығындағы өкілдігімен келісімшарт жасасқан серіктестік жыл соңына дейін экспорт көлемін 50-60 пайызға дейін арттыруды көздеп отыр.

Айта кетейік, IKEA желісі­нің өкілдері былтыр өткен «Текстиль­легпром-2015» көрмесінде Қазақстанда дайындалған кілемдерге ерекше назар аударып, қызығушылық танытқан.