студенттермен бейресми әңгімелесу болған еді". Бұл жайында бүгін қазақ киносының нар тұлғасы, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің оқытушы және студенттер қауымымен кездесу барысында айтты.
Оның ҚазҰУ-ке келудегі негізгі мақсаты - өзінің рухани досы, талай жыл осы факультетте ұстаздық еткен санаткер жазушы Серік Әбірайымұлының атына ашылған Оқу залымен танысу болды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінде мәдениет қайраткері, дарынды жазушы-журналист, аудармашы Серік Әбдірайымұлы атындағы оқу залы салтанатты түрде ашылған болатын.
Оның тұсаукесеріне ҚР қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен жазушылар келген болатын. Асанәлі Әшімов осы салтанатты бас қосуға іссапарда болуына байланысты келе алмай қалғандығын айтады.
Өнер майталманы жазушы, журналист, ұстаз, аудармашы болған азамат туралы айта келе, бүгінгі таңда қазақ қоғамын алаңдатып отырған мәселелер жөнінде ой қозғады. Сонымен қатар ол болашақ журналистер мен баспагер-редакторларға жазуға машықтануда қандай күрделіліктерді есте ұстау қажеттігін айтып, оларды ұлт парасаты болуға шақырды.
А.Әшімов сөз соңында университет басшылығының ұлт үшін қызмет еткен тұлғаларды ұлықтаудағы жасап отырған шараларына ризашылығын білдіріп, жақын күндері қасиетті қара шаңыраққа тағы келіп, өз әріптестерімен бірге студент жастармен кездесу өткізуге уәде берді.