Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстан Кинематографистері одағының тең төрағасы Ахат Ыбраев мәлім етті.
«Бүгінде бізде Алматыда орталық мұрағат бар. Мемлекеттік кинофильм қорын дамытудағы біздің тұжырымдамада қазақ киносының ауқымды көлеміндегі топтамасын сандық форматқа көшіруді талқылап жатырмыз. Атап айтқанда, қазіргі кезде бұл қордағы туындылардың бір бөлігі сандық нұсқада болса, қалғандары таспада сақтаулы. Сондықтан бұл шаралар мол мұраға қолжетімді болуы үшін және мұрағаттау жұмыстарын сапалы түрде қамтамасыз ету үшін керек», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, 1 мыңнан астам фильмді сандық форматқа көшіру жоспарланып отыр. Олардың арасында деректі хроника да қамтылуда.