Қазақ-қырғыз шекарасында бұрыш деп әкеле жатқан тауар 195 мың қорап темекі болып шықты

Фото: Фото: Мемкірістер комитеті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында темекінің ірі партиясы ұсталды.

Қазақ-қырғыз шекарасында «Қарасу» және «Айша бибі» өткізу пункттерінде темекіні заңсыз әкелу әрекеттері қиылысқан. 

Заңсыз партияны 26 қыркүйекте мемлекеттік кірістер органдары мен шекарашылар ұстады. 

Фото: Мемкірістер комитеті

«Қарасу» өткізу пунктінде темекі тауарға ілеспе құжаттар бойынша болгар бұрышын тасымалдаған рефрижератордан табылды. 

Тексеру барысында «Oris», «Parlament», «Zumerret» маркалы жарияланбаған 180 мыңнан астам қорап темекі табылды.

«Айша бибі» өткізу пунктінде тауарға ілеспе құжаттар бойынша бұршақты тасымалдаған жүк автокөлігінде тексеру барысында жарияланбаған 15 мың қорап «Oris» темекісі анықталды.

Фото: Мемкірістер комитеті

Барлық темекі өнімдерінде акцизделетін өнім үшін көзделген сәйкестендіру құралдары жоқ.

Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық материалдар Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады.

Фото: Мемкірістер комитеті