ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысының тумасы Әнел Сытдықова Ирландия мен Шотландия арасындағы Солтүстік бұғазын жүзіп өткен алғашқы қазақстандық әйел атанды. Әнелдің өзі Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім еткеніндей, ол аталмыш бұғазды 4 қыркүйек күні 16 сағат 36 минут 19 секундта бағындырды.
Фото: Әнел Сытдықованың жеке мұрағатынан
Отандасымыз Солтүстік бұғазын жүзіп өткен 185 адамның қатарына енді.
– Төрт адамның бәрі де мәреге жетті. Менімен бірге болған германиялық, Олимпиада чемпионы Андреас 8 сағатта жүзіп өтіп, рекорд орнатты. Ал аустралиялық Бренда 11 сағатта мәре сызығын кесті. Тағы бір аустралиялық Джон 15 сағатта жетті, - дейді Ә.Сытдықова.
Фото: Әнел Сытдықованың жеке мұрағатынан
Оның айтуынша, бапкері Сергей Ленивкин Мәскеуден келген. Ол түркиялық досымен бірге қолдаушы ретінде қайықта болған.
Солтүстік бұғазы – суы салқын, ағысы қатты, әлемдегі ең қиын марафондық қашықтықтардың бірі.
Фото: Әнел Сытдықованың жеке мұрағатынанФото: Әнел Сытдықованың жеке мұрағатынан
Триатлоннан Қазақстанның тұңғыш темір ханшайымы, бірінші айронмен (Ironman) және ультрамен (Ultraman) Әнел Сытдықова 2019 жылы қазақстандықтардан алғаш рет әйгілі Ла-Манш бұғазын (38 км) гидрокостюмсіз жүзіп өткен. Одан кейін 2022 жылы жазда АҚШ-та Манхэттен аралы айналасында 20 көпірді айналып, 48,5 км қашықтықты бағындырды. Содан кейін Лос-Анджелесте әлемдегі ең ұзақ марафондық қашықтықтардың бірі – Каталина бұғазын (34 шақырымға жуық) тоқтамастан жүзіп өтті.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).