Қазақ қызы Мадридтің «Реал» клубына қызметке орналасты

Фото: Фото: Видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Альбина Бунеску Мадридтің «Реал» клубындағы қызметін бастады. 

Бұл туралы Павлодардан түлеп ұшқан Альбина Бунеску Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім етті.

Қазақстандық маман атақты клубпен келісім-шартқа қол қойып, маркетолог ретінде қызметке орналасқан.

— Мадрид университетінде спорттық маркетинг бойынша магистратурада білім алдым. Тек үздік төрт студентке осындай мүмкіндік берілді. Осылайша, Real Madrid Marketing Team құрамында қызмет істеу бұйырды. Алда жұмыс көп, халықаралық жобалар бар, мен оған дайынмын, — деді Альбина Бунеску.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Реалды» ірі есеппен ұтқан «Барселонаның Испания суперкубогын жеңіп алғанын жазған едік.