АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Альбина Бунеску Мадридтің «Реал» клубындағы қызметін бастады.
Бұл туралы Павлодардан түлеп ұшқан Альбина Бунеску Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім етті.
Қазақстандық маман атақты клубпен келісім-шартқа қол қойып, маркетолог ретінде қызметке орналасқан.
— Мадрид университетінде спорттық маркетинг бойынша магистратурада білім алдым. Тек үздік төрт студентке осындай мүмкіндік берілді. Осылайша, Real Madrid Marketing Team құрамында қызмет істеу бұйырды. Алда жұмыс көп, халықаралық жобалар бар, мен оған дайынмын, — деді Альбина Бунеску.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Реалды» ірі есеппен ұтқан «Барселонаның Испания суперкубогын жеңіп алғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).