АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Бразилияның Сан Пауло қаласында қазақша күрестен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл сыннан Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 9 қолаға қол жеткізді.
"Аламан" спорт агенттігінің таратқан ақпаратына сәйкес, 60 келіде Төленбай Қасымхан, 70 келіде Бекарыс Ғайнолла және 90 келіде Еламан Қойшыбаев әлем чемпионы атанды.
70 кг. Ғайнолла Бекарыс - 1 орын
Абдығазиев Бекболат - 2 орын;
Темирханов Данияр - 3орын;
60 кг. Төленбай Қасымхан -1 орын;
Ниетбай Дәулет - 2 орын;
Рантаев Райымбек - 3 орын;
90 кг. Койшыбаев Еламан - 1 орын;
Бектұрсынов Жолдасбек - 3 орын.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.