Айта кетейік, әлем біріншілігіне 40 мемлекеттен келген 166 спортшы бақ сынап жатыр. Олар 9 салмақ дәрежесінде 40 медаль мен 40 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салады. Әр салмақ дәрежесінің жеңімпаздары 2000 АҚШ долларына ие болса, екінші орынға - 1000 АҚШ доллары, үшінші орынға - 500 АҚШ доллары беріледі. Ал абсолютті салмақ жеңімпазы - 5000, екінші орын - 2000, үшінші орын - 1000 АҚШ долларына ие болады. Қазақстан құрамасынан тоғыз спортшы қатысады.
Олар: Марат Нығматуллаев 55 келі, Қуаныш Ысқақов 60 келі, Қасымхан Төленбай 66 келі, Ғалымжан Әбдірахманов 74 келі, Ерсұлтан Мұзафаров 82 келі, Әділжан Ыстыбаев 90 келі, Александр Касачев 100 келі, Руслан Әбдыразақов 100 келі, Айбат Сейтен (түйе балуан).