АСТАНА. ҚАзАқпарат - Елорда төріндегі «Дәулет» спорт кешенінде қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турниріне іріктеу жарысы өтіп, «Астана Қыраны» анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу сайысында бас жүлдені Сейтан Айбат жеңіп алып, «Астана Қыраны» атанды. Ол финалда Айтуар Абдулаевпен белдесіп, жеңіске жетті.
Енді финалда белдескен қос балуан республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде Астананың намысын қорғайтын болады. Ал үшінші орынға Ерлан Алшынбаев ие болды.
Жалпы «Астана Қыраны» атағы үшін 23 балуан сынға түсті.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.