АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Кәрі құрлықтан жағымды жаңалық. Қазақ күресі Универсиада бағдарламасына енді.
Бұл туралы «Аламан» порталына қазақ күрес федерациясының басшысы Серік Төкеев мәлімдеді.
«Сәуірдің басында Швейцарияда өткен ФИЛА жиынында бұл мәселе шешілді. Қазақ күресі - студенттер олимпиадасының бағдарламасында. Енді төл күресімізді Азия ойындарының бағдарламасына енгізсек деп отырмыз», деді Серік Төкеев өз сұхбатында.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.