«Қазақстан барысы» турнирін халықаралық деңгейге шығару бойынша бүгінге дейін ұлттық спорт түрлерін кеңінен дәріптеп келеміз. Мысалы, жапондықтардың сумо күресі, татарлардың белдесу күресі, ал бізде қазақ күресі бар. Біздің басты мақсат – қазақ күресін Олимпиада бағдарламасына енгізу. Бүгінде қазақ күресі елімізбен қатар алыс-жақын шетелде танымал. «Қазақстан барысынан» бөлек Еуразия және әлем барысын өткізіп келеміз», - деді Диас Ахметшәріп елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазақ күресін халықаралық аренаға шығаратын уақыт келді.
«Қазір бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Мүмкін 2028 жылы, мүмкін 2032 жылы болып қалар», - дейді ол.