Ведомство дерегінше, чемпионатқа әлемнің 40 елінен 350 балуан қатысады.
«Ұлттық құраманың өкілдері, «Дала Қыраны» титулының иегерлері әлемдік додада ел намысын қорғайды. Олар – Бекжан Төлепов (55 кг), Марат Нигматуллаев (60 кг), Нұр Аманшүкіров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Айдын Дартаев (82 кг), Тоқтарбек Айдарбек (90 кг), Мұхит Тұрсынов (100 кг) және Нұрдәулет Жарылғапов ( 100 кг)», - деп мәлім етті комитеттің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, биылғы сайыс – 3 жас ерекшелігін қамтитын алғашқы Әлем чемпионаты. Онда палуандар ересектер, жастар және жасөспірімдер санаты бойынша белдеседі.