Қазақ күресінен Азия чемпионаты: Қазақ балуандарының еншісінде - екінші алтын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Қазақ күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатының 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

82 келіге дейінгі салмақта финалға Қазақстаннан Ерсін Сейітқазинов және Өзбекстаннан Әлішер Құдайбергенов шықты. Тартысты бәсеке әдеттегі белдесуден айтарлықтай ұзаққа созылды. Осылайша, ақтық сайысқа шыққан балуандар бір-біріне лайықты қарсылас екенін дәлелдеді.

Ақыры, қазақ балуаны қарсыласынан басып түсіп, Азия чемпионатында топ жарды.

Аталған салмақта үшінші орын жапондық Сейи Такигашира мен моңғолиялық Түменнасын Ерденетоғтохқа бұйырды.

Фото: altaynews.kz