Чемпион атанған Ахмет Назаров финалда Қырғыз Республикасынан келген Әпсамат Мәтқасымовпен бәсекеге түскен. Қарсыласы едәуір бойшаң болса да, Назаров мүлт кетпей, жеңіс тұғырына көтерілді.
74 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға Моңғолия балуаны Пуревдава Бат-Ердене мен Қазақстан балуаны Наурызбек Майлашев ие болды.
Айта кетсек, осыған дейін Азия чемпионатында 4 салмақ бойынша бірінші орын 2 қазақ және 2 моңғол балуандарының еншісінде кетті.
Еске сала кетсек, Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Чемпионатта Қазақстан сортшыларымен бірге Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония, Иран, Қырғызстан, Үндістаннан келген спортшылар өзара бақ сынасты. Жалпы чемпионаттың жүлде қоры 20 мың АҚШ долларына бағалануда.