Қазақстан балуаны ақтық сайыста Моңғолиядан келген Бухчуиун Даваанаямды тізе бүктірді. Ең төменгі салмақта қола медальді тәжікстандық Оятолла Қожаев иеленді.
Айта кетсек, осыған дейін Азия чемпионатында 7 салмақ бойынша бірінші орындар 3 қазақ және 3 моңғол, 1 түрікменстандық балуандарының еншісінде кетті.
Еске сала кетсек, Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Чемпионатта Қазақстан сортшыларымен бірге Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония, Иран, Қырғызстан, Үндістаннан келген спортшылар өзара бақ сынасты. Жалпы чемпионаттың жүлде қоры 20 мың АҚШ долларына бағалануда.