АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қыркүйек күні Астанадағы «Барыс Арена» спорт сарайында «EXPO Astana» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында қазақ күресінен «Әлем Барысы» абсолютті әлем чемпионатына төрт қазақстандық балуан қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысқа елу елдің балуаны келеді деп жоспарланған. Шетелдік спортшылардан бөлек, беделді біріншілікке Қазақстанның ең мықты төрт балуаны қатысады.
Айта кетейік, осыған орай 22 тамыздан бастап қазақ күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасы елордада оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Жиын қорытындысы бойынша «Әлем Барысында» Қазақстан намысын қорғайтын балуандар анықталады. Бас жаттықтырушы Ерлан Естектің жетекшілігімен өткізіліп жатқан жиында Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов және тағы басқа белгілі балуандар бар.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.