Шығыс өңірінің палуаны Талғат Әміренов белдесуге келгенде қарсыластырнан бір бас жоғары екендігін дәлелдеп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.Әр мемелекет үкілеп қосқан кіл мықтылар белдескенде жүлдеден әркімнің дәмелі екендігі белгілі.
Спортшы 90 келі салмақта ел намысын қорғады. Алдына келгеннің бәрінен айласын асырып, әлем чемпионы атанған Талғат Әміреновті бүгін өскемендіктер үлкен қошеметпен қарсы алды.
«Барлық қарсыластарым шетінен мықты болды. Дегенмен, осы жеңіске жетуіме себепкер болған бапкеріме, жанкүйерлерге айтар алғысым шексіз. Осы жеңіспен шектеліп қаламай, алдағы күтіп тұрған жарыстарға дайындықты күшейтіп, маған тілеулестік танытқан жандарды тағы да қуантқым келеді», - деді Талғат Әміренов.
Талғат Әміренов барлығы 4 белдесу өткізді. Жартылай финалдық бәсекеде нидерландиялық палуаннан айласын асырса, ақтық сында кілем қожайынын, яғни беларусь палуанын ұтты.
Одан бөлек, Қазақстан құрамасы 60 кг салмақта және әйелдер арасында алтын медальға ие болды.
Айта кетейік, VII әлем чемпионатына барлығы 42 мемлекет қатысты.