АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорт кешенінде қазақ күресінен «Жас Барыс» қалалық іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екі күнге созылатын додада балуандар екі кезең бойынша сынға түседі. Біріншісі, қаланың 8 аймағы арасындағы жеке жекпе-жектер болса, ал екінші шешуші кезең командалар арасында өтеді.
Спортшылар үш жас ерекшеліктеріне қарай (14-15, 16-17, 18-19) сынға түседі.
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорт кешенінде балуандар арасында салмақ өлшеу рәсімі өтіп, алғашқы іріктеу сындары басталып кетті. Ал жарыстың ресми ашылу салтанаты ертең, яғни 21 қазан күні болады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.