АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 мамыр күні Алматыда қазақ күресінен «Алматы барысы» атағы үшін балуандар сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған сында финалға шыққан қос балуан Елбасының жүлдесі үшін жыл сайын ұйымдастырылатын «Қазақстан барысы» республикалық турниріне қатысуға мүмкіндік алады.
Алматы қаласында танымал балуандар қатарында Руслан Әдбіразақов, Дәурен Нұралинов, Виктор Демьяненколар бар.
Естеріңізде болса өткен жылы «Алматы барысы» турнирін Руслан Әбдіразақов жеңіп алған болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.