«Қазақстан барысы-2024» республикалық турниріне кімдер қатысады

Фото: Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласында Республика күніне орай, қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2024» республикалық турнирі өтеді. Аталған ірі дода 26 қазан күні «Барыс-Арена» стадионында өтеді.

Бұл турнирде облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген еліміздің ең мықты деген 42 балуан бақ сынайды. Олар еліміздің 17 облысы мен Республикалық маңызы бар 3 қала - Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары. Сондай-ақ турнирге өткен жылғы «Қазақстан Барысы» жеңімпазы мен «Әскер Барысы» екі балуаны қатысады.

Балуандардың салмақ өлшеу рәсімі 25 қазанда сағат 16:00-де «Барыс Арена» стадионында өтеді.

Турнирдің ашылуында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысады.

Барша спорт сүйер қауым үшін кіру – тегін болады. Сонымен қатар көрермендер үшін ұлттық стильде безендірілген ойын-сауық аймағы ұйымдастырылады, онда асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық ойындарын ойнауға болады.

«Қазақстан Барысы» Республикалық турнирінің ұйымдастырушылары: «Qazaq kuresi» Ассоциациясы, «Sport Qory» қоры, ҚР туризм және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және «Самұрық-Қазына» АҚ.

«Қазақстан Барысы-2024» республикалық турниріне қатысатын балуандар тізімі:

Фото: Kazinform