Қазақ күресінен Еуропа чемпионатының жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Әзірбайжанның Баку қаласында қазақ күресінен ересектер арасында 6-шы Еуропа чемпионаты мәресіне жетті.ҚР Спорт комитеті мәлім еткендей, «Біріккен Күрес әлемі» (UWW) аясындағы біріншілікте ерлер (8 салмақ) мен әйелдер (8 салмақ) 16 салмақ дәрежесінде кіл мықтыларды анықтады.  

Фото: Спорт комитеті

Айта кетейік, "Еуропа чемпионатының демеушісі – Sport Qory cпортты қолдау қоры." атап өткендей әлемнің 5 құрлығындағы 40-тан астам мемлекетінде төл күресімізден федерациялар ашылған болатын. Бүгінге дейін қазақ күресінен 10 әлем чемпионаты, 12 Азия чемпионаты, 6 Әлем кубогі және 5 Еуропа чемпионаты өтіп, төл күресіміз қарқынды дамып келе жатыр. Бұдан бөлек Иран мен Бразилияда кадеттер мен жастар арасында әлем чемпионаттары, Оңтүстік Африкада 2 Африка біріншілігі, Бразилияда Оңтүстік Америка чемпионаты ұйымдастырылды. Ал Qazaq Kuresi Ассоциациясының Әзірбайжанда ұйымдастырған бұл жолғы аламан жарысқа қатысуға ниет білдірген елдердің де саны аз болмады.

Фото: Спорт комитеті

Аталған біріншілікке әлемнің 15-ке жуық елінің спортшылары қатысты.

Жарыс жеңімпаздары.

Ерлер:

55 келі – Nika Bachiashvili GEO
60 келі – Eyvaz Bakhshiyev AZE
66 келі – Mirfattah Seydaliyev AZE
74 келі – Hajali Gasimov AZE
82 келі – Adil Adilzade AZE
90 келі – Jeyhun Huseynov AZE
100 келі – Zurab Chagelishvili GEO
100 келі – Mahammad Mammedzada AZE

Әйелдер:

48 келі – Nino Iashvili GEO
52 келі – Anano Morgoshia GEO
56 келі – Mariam Mazanashvili GEO
60 келі – Mari Makharashvili GEO
65 келі – Diana Shoranova AZE
70 келі – Ana Chkhaidze GEO
77 келі – Shahana Almammadova AZE
77 келі – Elene Kebadze GEO

Жарыс қорытындысына сәйкес, І орынға 1 000, ІІ орынға 500, ал ІІІ орынға 250 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.

Чемпионаттың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі маман Сергей Тхактың айтуынша, бүгінгі таңда қазақ күресі өркендеп, күллі әлемде кеңінен насихатталуының нәтижесінде оны жандарына серік еткендердің қатары қалыңдай түскен.

Естеріңізге сала кетейік, "Еуропа чемпионатының демеушісі – Sport Qory cпортты қолдау қоры."