деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол Наталья Сац атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында болады. Премьер лиганың маусым ашары жыл басында Астанада өткен болатын. Енді қыркүйек айында Алматыда өткен жартылай сыннан сүрінбей өткен 6 команда ақтық сында ел чемпионы атағы үшін таласады. Олар Алматы қаласының "Жұмыр", "ОртАУ", Тараз қаласының " "Тараз-2000", "Дулати жастары" және Шымкенттің "Сөз тимесіні" мен Қызылорданың "Мақтаншақтары". Өткен жылы Алматының "Өнер қырандары" мен Шымкенттің "Шымқаласы" бірінші орынды бөліссе, Ақтөбенің "Еркетайы" екінші, ал Тараздың "Тараз-2000" командасы үшінші орынға ие болған еді.