Қазақ-қырғыз қатынасын дамытуға Елбасы баға жетпес үлес қосты – Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Бішкектегі сапары барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынасын дамытудағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды рөл атқаратындығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі ел арасындағы қатынастарды қалыптастыруға және дамытуға Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев баға жетпес үлес қосты. Бүгінгі сапар барасында Елбасының жылы лебізін Қырғызстан Президентіне жеткіздім. Біз Сіздің (Сооронбай Жээнбековтің) қазақ-қырғыз өзара іс-қиымылы мен ынтымақтастығын ілгерілетуге және дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары мемлекетаралық кеңестің бесінші отырысында.

Мемлекет басшысы бүгінгі отырыстың күн тәртібі ауқымды екенін және екіжақты ынтымақтастықтың маңызды салаларын қамтып отырғанын атап өтті.

«Негізінен, шағын құрамдағы кездесуде ең өзекті мәселелерді талқыладық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.