АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-қырғыз елдері арасындағы «Қарасу» шекара бекетінде Қырғыз Республикасынан Қазақстанға заңсыз 3,5 тонна балық өнімдерін алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҰҚК шекара қызметі хабарлайжы.
«Бақылау бекетінен өнімді тасымалдаушы Хюндай маркалы автокөлік ұсталды. Құжаттамалық бақылау кезінде ветеринарлық инспекторлары мал дәрігерлік сертификаттарды рәсімдеуде 2017 жылғы 10 қазанда «Конурат Голд Фиш» ЖШҚ берген № KG-01-01-00001024 мал дәрігерлік сертификатында құқық бұзушылықтар орын алғанын анықтады», - делінген хабарламада.
«Конурат Голд Фиш» ЖШҚ қатысты әкімшілік материал қозғалып, тәркіленген өнім жойылды.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.