Аталған азаматтың «Мерседес» автокөлігіне шекаралық бақылау өткізу кезінде қызметтік ит бактың маңайын иіскелеп тұрып алды. Ал шекарашылар арнайы құралдың көмегімен бактың ішін қарағанда оның ішінде жатқан 20 шақты түйіншекті байқады. Оның салмағы 19 кг 695 гр. болып шықты. Өзіндік иісі - есірткіге ұқсайды. Сараптамашылар сол жерде сараптама өткізіп, түйіншектердің барлығының героин екендігін дәлелдеп берді.
Аталған оқиға бойынша материалдар Жамбыл облысы Қордай аудандық ішкі істер бөліміне берілді.
11:52, 05 Ақпан 2016
Қазақ-қырғыз шекарасында 20 келіге жуық героин тәркіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің оңтүстігіндегі қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан «Қарасу-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары шекара арқылы есірткі заттарын өткізуге тырысқан 1981 жылы туылған Бейсенбаев О. есімді қырғызстандық азаматты ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінен.