ҚР ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт бірдей «КамАЗ» жүк көлігіне шекаралық тексеру кезінде шекарашылар 60 тонна жүктің жалған құжатпен өткелі тұрғандығын анықтады. Жүктің жалпы бағасы 9 646 000 теңге болып шықты. Негізінен аяқкиімдер.
Аталған дерек бойынша материалдар Жамбыл облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің экномикалық тергеулер қызметіне берілді.