Қазақ-қырғыз шекарасында тауар транзитінің уақыты қысқарады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев пен Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Алмаз Онолбеков кездесу өткізді, деп хабарлайды

ҚазАқпарат.

Кездесу барысында қазақстан-қырғыз Үкіметаралық кеңесіотырысының 8-ші Хаттамасының тармақтарын іске асыру шеңберінде мәселелерталқыланды.

«Тараптар кездесу қорытындысыбойынша тауарлар транзиті кезінде навигациялық пломбаларды қолдану, күн сайынғымониторингті жүргізу және Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасынажәне Қырғыз Республикасына тауарларды әкелудің көлемі бойынша, сондай-ақЕуразиялық экономикалық одақ елдеріне тәуекел тауарларды әкелудің және әкетудіңкөлемі бойынша ақпаратпен алмасу жөнінде пилоттық жобаны жүргізуге уағдаласты. Соныменқатар, Қазақстан мен Қырғыз Республикаларының өткізу пункттерінде және кедендікрәсімдеу орындарында бірлескен кедендік бақылауды жүргізу туралы мәмілеге қолжеткізді», - делінген ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен.

Екі елдің кеден қызметінің үйлесімді жұмысының қорытындысыкедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттырады, тауарлар транзитінің уақытынқысқартады, сондай-ақ өткізілетін жүктер көлемін ұлғайтады.

Соңғы жаңалықтар