Қазақ-қырғыз шекарасының ашылуы ЕАЭО нарығында бәсекелестікті арттыра түседі - К. Бұрханов
Оның айтуынша, шынайы бәсекелестік бар жерде тауарлардың бағасы арзандайды. Ал бұл - ел дамуының айқын белгісі.
«Еуразиялық экономикалық одақтың негізін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаған. Қазір бұл күрделі экономикалық ұйымға айналды. Мінеки, кеңейіп жатыр. Әрине, 5 млн. астам халқы бар Қырғызстанның экономикалық әлеуеті, жалпы ішкі өнімінің жан басына шаққандағы мөлшері Қазақстан, Ресей және Беларусьпен салыстырғанда төмен. Бірақ бұл да нарық! Енді төрт ел арасында капитал, тауарлар мен қызметтер айналымы басталады. Өндірушілер арасында бәсекелестік арта түседі. Сәйкесінше, бағалар арзандайды. Ал бұл - қарапайым халық үшін тиімді жағдай. Ал бәсекеге қабілетті болу үшін жақсы, ұтымды жұмыс істеу қажет. Өйткені, бәсекеге қабілетті ел ғана ілгері дамиды», - деді К. Бұрханов.
Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылдың 1 қантарында құрылды. Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдер Қазақстан, Ресей, Беларусь 2011 жылдың 1 шілдесінде Кедендік одақтың, ал 2012 жылдың 1 қаңтарында Бірыңғай экономикалық кеңістік негізін қалаған еді. 2015 жылдан Одаққа Армения, кейін Қырғыз Республикасы қосылды.