Бұл туралы бүгін елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«13 маусымда Бішкек қаласында Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері делегаттарының қатысуымен шекаралас ынтымақтастық жөніндегі шағын кеңестің 2-ші отырысы өтеді»,- деді ол.
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, отырыста бауырлас елдер арасындағы маңызды сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік, қоршаған ортаны қорғау және кедендік бақылау салаларындағы мәселелер талқыға түсетін болады.