30 қыркүйек күні «Жаркент» бақылау-өткізу бекетінде кедендік шекарадан жалпы салмағы 73 келі болатын 346 ұялы телефонды алып өту әрекеті жасалды.
«Қазіргі уақытта ұсталған тауардың құнын бағалау жұмыстары жүруде», - делінген Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.