«Астана» Президент клубының баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Үржар-Қарамай» маршрутының жалпы ұзындығы 412,90 шақырымды құрайды, оның 106,60 шақырымы арнайы учаскеге тура келген.
"Astana Motorsports" командасы жүк көліктерінің басты классификациясында бесінші орынды ұстап тұр, ал өткен кезеңнің қорытындысы төменірек - жетінші орын.
«Жібек жолы» ралли керуені Тянь-Шань жотасы арқылы Қытай аумағына бет алады. Онда нөсерлі жауын қырық градустық ыстыққа алмасып, ауа райы күрт өзгеріп тұрады.
"Silk Way Rally-2017" келесі кезеңі жарысушылардың мұқият болуын талап етеді - автошабандоздарды Қарамайдан Үрімшіге дейін әртүрлі бедердегі жол күтіп тұр.