Қазақ-қытай шекарасындағы көлік өтетін бекеттер уақытша жабылады
15:38, 30 Қыркүйек 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай Қазақстанмен автомобиль өткізу пунктерін уақытша жабады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Мемлекеттік кірістер комитеті ресми мәлімет таратты.
Қытайда мереке күндеріне байланысты қазақ-қытай шекарасындағы «Нұр жолы», «Достық-авто» және «Бақты» өткізу пунктілері 2021 жылғы 1-3 қазан аралығында жабық болады.
Бұдан басқа қытай тарапында дезинфекциялық құрылғылардың қысқы маусымға дайындауға байланысты «Бақты» өткізу пункті 2021 жылғы 3-4 қазанда да жабық болады.
Шекараны кесіп өтуге ынталы тасымалдаушыларды көршілес елдегі мерекелік шаралар есебімен өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.