Қазақ қызы Моңғолия көрермендерін өз өнерімен тәнті етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Voice of Mongolia» шоуының қатысушысы моңғолиялық қандасымыз Еркежан Көгершінқызы көрермендерді өз талантымен тәнті етіп, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Моңғолиядағы KAZNEWS ақпараттық порталы хабарлады.
«Әнші С.Наранның "Нутгаа санахуй" әнін тамаша орындады. Әділ қазылардың барлығы қазақ қызына жоғары баға берді. К.Еркежан бұл шоуда тәлімгері ретінде өзіне Киви тобының әншісі Уканы таңдады» деп жазады аталған ақпарат көзі.
Сұлтан Бейсен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы "Жазушы" баспасында редактор болып бастаған. 2008 жылы "Ара" журналында, 2010-2011 жылы Алматы облысының "Талдықорған кеші" газетінде тілші, 2012 жылы "Талдықорған Севен" газетінде тілші болып жұмыс істеген. 2013 жылы сәуір айынан бастап "ҚазАқпарат" ХАА-нде Төте жазу редакциясында шығарушы редактор болып жұмысқа орналасқан