Айта кету керек, халықаралық байқауды Оңтүстiк Кореяның Сыртқы iстер, ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi KBS телекомпаниясымен бiрге ұйымдастыруда. Ол әлем бойынша кореялық асхананың танымалдылығын арттыру мақсатында жасалып отыр.
Iрiктеу турлары әлемнiң 16 елiнде, соның iшiнде Қазақстанда да өткiзiлдi. Жеңiмпаздар Корея Республикасына аттанып, 10 мың АҚШ долларын сарапқа салады.
Қазақстандағы байқауды ұйымдастыруға Корея мәдениет орталығы ұйымдастырды. Серiктес - «Korean House» мейрамханасы.
Байқауға кез келген адам қатысуға мүмкiндiк алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысуға кәсiби аспаздармен қатар, кореялық тағамдарды ұнататын қарапайым адамдар да өтiнiш тастаған. Олардың iшiнен ақтық сынға 9 адам iрiктелген болатын. Бүгiн олар Кореяға берiлер жолдамаға бақ сынасты. Екiншi орын жеңiп алған Ерлан Қуанышбайға электрогриль бұйырса, үшiншi орынға ие болған Айзада Боранбаева асты сақтауға арналған контейнерлер берiлдi.
Байқаудан бөлек шара барысында елшi резиденциясының бас аспазшысы шеберлiк сағаттарын өткiздi.