Қазақ қызы парадзюдодан Әлем чемпионы атанды
20:19, 08 Қараша 2022
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әзербайжан астанасы Баку қаласында парадзюдодан өтіп жатқан Әлем чемипонатында қазақстандық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Баку төріндегі татамиде 48 келі салмақ бойынша Қазақстан намысын қорғаған Ақмарал Науатбек ақтық белдесуде франциялық Аурериес Мартинет Сандринді жеңіп, Әлемчемпионы атағын иеленді.
Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы дзюдо спортынан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы алтын медалі.
Аталған турнирдің финалына Ерғали Шимей де шыққан болатын. Айта кетейік, аталған байрақты бәсекеде әлемнің 40 елінен 300-ден астам спортшы бақ сынап жатыр.