Ол бұл пікірін бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында білдірді.
Министрдің сөзіне қарағанда, әлемде түрлі пәндер бойынша өтіп жататын олимпиадаларда 800 бала жүлдегер атанды. Соның ішінде қазақ мектебін бітірген балалардың саны орыс мектебін бітірген балалардан әлдеқайда көп. «Сондықтан қазақ мектептеріндегі білім сапасы төмен деген ескірген көзқарастан арылуымыз керек»,-деді Б.Жұмағұлов.